Ел жаңалықтары

Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

  • Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

    Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Асқар Мамин "Шеврон" (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

"Шеврон" — Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) – үш ірі жобада активтері бар Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. 

2020 жылы ТШО шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 миллион тоннаны құрады. Мемлекетке тікелей қаржылық төлемдер $6,6 миллиардты құрады, $3,5 миллиард астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды.

ТШО газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 миллион тонна) өндірісі бойынша екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат болып табылады.

Тараптар "Теңізшевройл" (ТШО) болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселесін талқылады, оның аяқталуы бойынша ТШО өндіруді 2023 жылы жылына 12 миллион тоннаға дейін арттырады, бұл жиынтығында жылына шамамен 39 миллион тоннаны құрайды.

Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 20:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30