«Astana IT University» өкілдері су басқан оқу ғимаратына қатысты түсініктеме берді

08 тамыз 2022, 21:04

Бүгінгі нөсерден ғимаратын су басқан елордадағы «Astana IT University» өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

 
Білім ордасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған видеодағы су басқан нысанның университетке тиесілі екенін растады.

«Қазіргі уақытта оқу орны «QazExpoCongress» АҚ-ға тиесілі ғимараттың бір бөлігінде орналасқан. Видеода көрсетілген аудитория - университеттің әскери кафедрасы. Ол орын студенттерді оқытуға арналмаған. Оған қоса, каникулға байланысты қазір университетте сабақтар өткізілмейді. Бүгінде оқу орны мен «QazExpoCongress» бірлесіп, су басқан жерлерді қалыпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр «, - деп мәлім етті университеттің баспасөз қызметі.
Университет жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, студенттерді қабылдайтынын жеткізді.