Атбасарда пәтерден өрт шығып, бір адам қаза тапты

20 қараша 2020, 11:26

Кеше түнде Атбасар қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Тағы алты адам эвакуацияланды. Оның ішінде үшеуі - бала. Өкінішке қарай, өрт болған пәтерде 1966 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«26 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өрт кезінде төмеңгі қабатта тұратын тұрғындар үйлерінен өздігімен шығып кеткен. Жоғарғы қабаттағы тұрғындар түтін салдарынан төмен түсе алмады. Өрт сөндірушілер әр пәтерді тексеріп, адамдарды таза ауаға шығарды», - деді Талғат Уәли.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды