Ел жаңалықтары

Атырауда жылқыны балғамен ұрып өлтірген қасапшылар жаға ұстатты

  • Атырауда жылқыны балғамен ұрып өлтірген қасапшылар жаға ұстатты

    Атырауда жылқыны балғамен ұрып өлтірген қасапшылар жаға ұстатты

Атыраулық мал сою цехында қасапшылар жылқыны қан шығармай, балғамен ұрып өлтірген. Әлеуметтік желі арқылы тараған осы жағдайға қатысты облыста арнайы комиссия құрылып, мал соятын орындарда жаппай тексеру басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

 
 
Кадр

Кадр "Хабар 24"

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Сайттың мәліметінше, оқиға өңірдегі қасапханалардың бірінде болған. Оны көзімен көрген азамат әлеуметтік желіде жариялаған.

Бүгін мал сою цехына жергілікті билік пен барлық құзырлы орган өкілдері келіп жағдайды зерделеуге кіріскен. Ал қасапхана 13 қарашадан бастап жұмысын тоқтатқан.

"Хабар 24"-тің хабарлауынша, меншік иесі аталған жайға қатысты түсінік беруден бас тартып отыр. Дегенмен құқық қорғаушылар ол жауапкершіліктен құтылмайтынын жеткізген.

"Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни Атырау облыстық полиция департаментімен қылмыстық кодекстің 3316-бабының 1-бөлігі, яғни жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Бүгінде Атырау қаласы бойынша мал союға арналған 5 қасапхана жұмыс істеп тұр екен. Олардың әрқайсысында тәулігіне 15-20 бас мал сойылады. Ал оның адал-арамын анықтау – құзырлы органдардың міндеті.

Осы оқиғадан соң облыстағы барлық қасапханаларда тексеру басталған.

 

 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30