Ел жаңалықтары

«Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті». Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды

  • «Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті». Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды

    «Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті». Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланады.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2021 жылдың басынан бері республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ға өсті. Бұл ретте 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 4,8%-ды ғана құраған. Ал соның ішінде карантиндік дүрлікпе салдарынан наурыз айында 4,1 пайызды көрсетті.


Сонымен қатар кей өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. Атап айтқанда, ең көп өсім Жамбыл облысында – 4,2%-ға және Атырау облысында – 3,8%-ға артқан. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігінің басшысы бағаның барынша өсуіне жол берген әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік шаралар қолдануды ұсынды.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттап кеткенін айтып, өңір басшыларының жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс беруді сұрады. Осы орайда Үкімет басшысы бірінші вице-премьердің ұсынысын қолдады.

«Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында тіркелді. Осыған байланысты, осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаевқа және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Нығмашевқа қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын», деді Әлихан Смайылов Үкімет басшысына.




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 14:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31