Ел жаңалықтары

Б. Сағынтаев үндеу жасады: Қауіпті жете түсінбеу – жауапсыздық және қылмыспен пара-пар

  • © Instagram

    © Instagram

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Қала әкімі өзінің Instagram парақшасында:

 

"Құрметті алматылықтар! Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу – жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады.

Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда. Ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды", – деп жазады.

 




Көрілген: 160    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 01:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30