Ел жаңалықтары

Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

  • Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

    Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

Ата-аналар балаларына екпе салдыруға міндетті. Бірақ бас тартса, олар әкімшілік жауапқа тартылмайды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін министр мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстырды. Заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарға екпе салынбағанбалаларды жіберуді шектеу туралы норма енгізілген.


Оған себеп, вакцина салмаудың салдарынан бүлдіршіндердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері көбейген. Бұл жалпы ұлт денсаулығына теріс әсерін тигізіп отыр.


Сұрақ-жауап барысында депутаттар министрден балаларын егуден бас тартқан ата-аналар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады.


"Әкімшілік жауапкершілік бойынша норма енгізілген жоқ. Әріптестердің көбі қарсы болғандықтан, оны кіргізген жоқпыз. Бірақ міндетті екені көрсетілген. Бұл тәжірибе тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде де бар", - деді Біртанов.

Айтуынша, әр медициналық қызметкер екпе жасамас бұрын түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді.


"Екпенің қауіпсіздігі де өте маңызды. Біз қазір тікелей халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанға бүкіл екпе тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісілген зауыттардан ғана жеткізіледі", - деді министр.


Тағы оқыңыз: Алматыда жекеменшік емханада екпе салғаннан кейін әйел көз жұмды


Біртанов екпе мәселесінде ата-аналардың, ең алдымен балаларының денсаулығын ойлауы керек екенін атап өтті.




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 16:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30