Ел жаңалықтары

"Батыр емеспін": Боранда жүгіріп, жүргізушілерге жол көрсеткен қостанайлық полицей өз әрекеті жайлы

  • "Батыр емеспін": Боранда жүгіріп, жүргізушілерге жол көрсеткен қостанайлық полицей өз әрекеті жайлы

Қар құрсауынан көліктер легін құтқару үшін жүгіріп, жол көрсеткен  қостанайлық полицей өзін батыр деп санамайды екен. Полиция қатарына қосылғанына көп уақыт болмаса да, екі ерлігімінен көзге түсіп үлген Амантай Байжановты әріптестері құрметтейді. Ал үйде күн сайын әйелі мен бір жарым жастағы ұлы асыға күтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Амантай Байжанов патрульдік қызметте жұмыс істеп жүргеніне көп уақыт болмаса да, ұлт қаһарманы атанып үлгерген. Бірақ тәртіп сақшысы өзін батыр деп санамайды. 

 
"Видео әлеуметтік желілерде тез таралады деп ойламаппын. Адамдар айтады-Мен батырмын. Бірақ мен өзімді қарапайым полиция қызметкері деп санаймын. Менің орнымда басқа адам болсса, ол да осындай шешім қабылдар еді", - деді патрульдік полиция қызметкері Амантай Байжанов.

Лейтенант Байжанов алты жыл арнайы күзет қызметінде жұмыс істеген. Былтыр полицейлер қатарына ауысқан. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде ол бірден екі ерлік жасады: 15 адамды өрттен құтқарып, ондаған көлікті қарлы жолдан шығарды.

"Оның есебінде - тұрғындарды жанып жатқан үйден құтқару және қарлы боран кезінде жүргізушілерге көмек көрсету. Ол қызметкерлеріміздің жас буынына тамаша үлгі көрсетіп отыр", - деді Қостанай облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Жұмыста оны батылдығы үшін сыйлайды. Ал үйде күн сайын әйелі мен бір жарым жастағы ұлы асыға күтеді.

"Полицейдің жары болу қиын. Оны көрмейміз десек те болады. Күйеуім үнемі жұмыста, ал ұлым екеуміз оны үйде күтеміз. Мен әдетте оған қоңырау шалып, уайымдаймын. Оның халі қалай, жұмысы қалай  сұраймын. Жұмысы оңай емес", - деді А.Байжановтың жары Гүлнар Байжанова.

Амантай Байжанов қарапайым отбасында тәрбиеленген. Сондықтан ерліктері туралы сөйлеспегенді жөн көреді. Өмірде ол өз жұмысына адал. Інілері мен ұлы өзінен үлгі алады деп үміттенеді.

Еске  салайық, әлеуметтік желілерде полиция қызметкері Амантай Байжанов боранда жолда қалып қойған машиналарға көмектескені хабарланды. Ол нөлдік көріну жағдайында жүргізушілерге бағыт көрсетіп, өзі көліктің алдында жүгірді. Осы сәтті көлік жүргізушісі видеоға түсіріп, алғысын білдірді.

Видео желіде жылдам тарап, Байжановтың батыл әрекеті қазақстандықтарды тамсандырды.

Оның бұл ерлігі облыстық полиция департаментінде де бағаланды.




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30