Ел жаңалықтары

Бәйдібек: Тұрақты ауылында Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды

  • Бәйдібек: Тұрақты ауылында Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды

    Бәйдібек: Тұрақты ауылында Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды

Бүгін Бәйдібек ауданы, Тұрақты елді мекенінде ауданның тарихында өзіндік орны бар, 1944-1946 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды. Ескерткіш қоғам қайраткері Жүзбай Жүнісбековтің есімімен аталатын мектептің алдына орнатылды, деп хабарлайды Newsroom+  ақпарат агенттігі  Аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жүзбай Жүнісбековтің қызмет еткен жылдарында ауданның дамуына сіңірген еңбектеріне тоқталды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде жасалған ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменов болса, іс-шараны ұйымдастыруға басшылық жасаған тұрақтылық Жақсыбек Баймұратов.
Шараға Жүзбай Жүнісбековтің ұлы Сәбит Жүнісбеков қатысып, әкесіне арнап ескерткіштің қойылуына мұрындық болған жерлестері мен ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменовке алғысын білдірді.


Айта кетерлік жайт 1995 жылы Тұрақтыдағы мектепке Жүзбай Жүнісбековтің есімі берілген. Мектеп атауын Жүзбай атамыздың атын иеленгелі 300-ден астам түлек самғап ұшқан. Бітірген түлектер қазіргі таңда еліміздегі түрлі салаларда қызмет жасауда. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Беркінбаев Олжас, білім беру ғылымдарының докторы Бекжан Қосалбаев мектептің мақтаныштарына айналған.




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 00:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31