Ел жаңалықтары

Белгілі жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

  • Белгілі жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

    Белгілі жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

Белгілі жазушы, журналист Заман Төлеуов қайтыс болды. Бұл туралы журналист Қалмахамбет Мұхаметқали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Заман Самалбекұлы Төлеуов –  1949 жылы 10 шілдеде Андрееев ауданы (қазіргі Алакөл) ауданы, Қызыләскер ауылдық кеңесіне қарасты Тастұма ауылында дүниеге келген.  

«Сарқан» аудандық газетінде қазақ бөлімінің редакторы, «Алайда» ақпараттық газетінің бас редакторы, К. Қазыбаев атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйінің директоры, «Ұлағат» қоғамдық қорының төрағасы қызметтерін атқарған. Өлкетанушы. «Қойлығым құтты мекенім» атты тарихи-танымдық және бірнеше көпшілікке арналған кітапшалардың авторы. «Әдебиет» порталының белсенді блогері.  

2007 ж. «НұрОтан» ХДП-сы төрағасы Н. Назарбаевтың «Алғыс хаты» алған. Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бірнеше мәрте ақшалай-заттай және марапат қағаздарына ие болған.

М.Тынышпаевтың 130 жылдық мерейтой медалінің иегері. 2007 жылы Алматы облысы әкімінің журналистика саласы бойынша байқауының жүлдегері.

2017 жылғы халықаралық «Үздік адамдар» бағдарламасы энциклопедиясының номинанты.

2017 жылы «Ауылым – алтын тұғырым» республикалық әдеби байқауының «Үздік драматургия номинациясы» бойынша II дәрежелі диплом иегері.


BAQ.KZ




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31