Ел жаңалықтары

Билік пен қоғам арасындағы диалог: Азаматтық форум онлайн режимде басталды

  • Билік пен қоғам арасындағы диалог: Азаматтық форум онлайн режимде басталды

    Билік пен қоғам арасындағы диалог: Азаматтық форум онлайн режимде басталды

Азаматтық форумды ашқан Аида Балаеваның айтуынша, ұзақ мерзімді мүдделер уақытша қиындықтардан басым болады
Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форум онлайн режимде басталды. Биылғы форум "Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбы аясында өтуде.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жол ашқан және жаһандық пандемия жағдайындағы қазіргідей шектеулерге қарамастан мемлекет басшысы табысты алға жылжытқан азаматтық бастамалардың қолжетімді болуы және оның күн тәртібіне шығарылуы зор маңызға ие. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді мүдделермен ұштасатын біздің кез-келген саладағы өзара іс-қимылымыз уақытша қиындықтардан басым түсетіндігін білдіреді", &ndash деді ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.
Министр билік өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам белсенділері арасындағы диалог одан әрі тең құқылы ынтымақтастықты дамытуға, сенім мен өркендеуді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Жаһандық өзгерістер дәуірінде орнықты әлеуметтік дамудың жаңа міндеттер мен өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу кезек күттірмейтін шауралардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әрине бәрімізге бастамашылдық пен шығармашылық шеберлік, табандылық пен табысқа деген сенімділік қажет", &ndash деп қосты Балаева.

Айта кетейік, Азаматтық форум аясында қоғамдық кеңестердің тәжірибелік тиімділігін арттыру мен азаматтық қоғамды дамытудың мәселелері мен басымдықтары талқыланады. Шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен бірінші қаржы министрі Берік Шолпанқұлов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Бағдарламаның толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады.
 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31