Ел жаңалықтары

Биыл ана мен баланы қолдауға 750 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған - Серік Шәпкенов

  • Биыл ана мен баланы қолдауға 750 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған - Серік Шәпкенов

    Биыл ана мен баланы қолдауға 750 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған - Серік Шәпкенов

2021 жылы ана мен баланы қолдауға 750 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

 
2021 жылы ана мен баланы қолдауға 756 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Еңбек министрлігінің басшысы ана мен баланы қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті. 2021 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 5%-ға арттырылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлері көзделген:

- бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы (2020 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 121 348 теңгені құрап, онымен 52,3 млрд. теңге сомасына 430 мыңнан астам адам қамтылды; 2021 жылы осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 400 мың адамды қамти отырып, 51,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда);
- 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (2020 жылы сараланған мөлшерде 16 002 теңгеден 24 725 теңгеге дейінгі жәрдемақыны шамамен 121 мың адам 32 млрд теңге сомасына алды; 2021 жылы жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына 145 мың адамды қамту жоспарлануда);
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы (2020 жылы жәрдемақымен 49,1 млрд теңге сомасына 232,3 мың адам қамтылып, орташа мөлшері 17 780 теңгені құрады; 2021 жылы 52,8 млрд теңге сомасына 234,7 мың адамды қамту жоспарланып отыр);
- 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы (жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған, 2020 жылы жәрдемақымен 236,2 млрд теңге сомасына 392,4 мың отбасы қамтылған; 2021 жылы 282,4 млрд теңге сомасына 442 мың отбасыны қамту жоспарлануда).
- кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар баланың, 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы (2020 жылы 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде 104 мың адам жалпы сомасы 57,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды; 2021 жылы осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 110 мың адамды қамти отырып, 65,2 млрд теңге бөлінді).
Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 541,3 мың теңгені, ал бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем 32,3 мың теңгені құрайды.

Зейнетақы тағайындау кезінде әйелдердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін үш жасқа дейінгі бала күтімі кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Сонымен бірге, әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады.

«2020 жылы ана мен баланы қолдауға 635 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. 2021 жылы 756 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылғы шығындардан 19%-ға артық», - деп хабарлады Серік Шәпкенов.




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 15:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30