Ел жаңалықтары

Биыл Маңғыстауда мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген

  • Биыл Маңғыстауда мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген

    Биыл Маңғыстауда мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген

Биыл Маңғыстауда мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Оның 151-і өте қатты жәбірленген, деп хабарлайды 24.kz арнасы. 

Бүгінде өңірде шаңырақты шайқалтпай, отбасының ұйытқысы болып отырған аналарға рухани демеу беретін үш орталық жұмыс істеп тұр. Осы дағдарыс орталықтарынан 20 шақты келіншек пана тауып отыр.

Ұзақ жыл күйеуінен зәбір көрген Аида екі айдан бері дағдарыс орталығын паналауда. 4 жасар баласының тағдырын ойлаған ана жолдасымен бірнеше рет қайта қосылыпты. Алайда ол қол көтеріп, қорлық көрсетіп, соңында үйден қуып шыққан. Бұрынғы күйеуіне кәсіп ашу үшін алған 3 млн теңге несиені де өзі төлеп отыр. 

Қазір дағдарыс орталығында екі әйел мен үш бала тұрып жатыр. Барлығының тағдыры бір. Тұрмыс тауқыметін көріп, осында бас қосқандар. 2013 жылы ашылғалы мұнда мың жарым әйел көмекке жүгініпті. 400-і тұрақты тұрған. Орталықта әйелдерге психологиялық, құқықтық және медициналық қызмет көрсетіледі. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары қойылған.

 «2019 жылы 128, 2020 жылы 175, биыл 189 адам көмекке жүгінді. Тек Ақтаудан емес, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Атыраудан келгендер болды. Тіпті Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей азаматтары да бар. Бәрінің айтары бір. Әйелдер күйеулерінен зәбір көрсе, балалар ата-аналарымен жанжалдасып қалған. Мұнда өз үйіндей болуға жағдай жасауға тырысамыз. Мамандыққа оқытамыз», – дейді орталық басшысы Райхан Бекманова.
 Орталық басшысының айтуынша, алдағы уақытта жәбір көргендерге ғана емес, әйелге қол көтеретіндерге де көмек көрсету қолға алынбақ. Психологиялық кеңес беріп, салдарын түсіндіреді.

Қазір әр аудан мен қалада арнайы инспектор қызмет атқарады. Ол есепте тұрған отбасыларға барып, жағдайды бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері отбасына зәбір көрсеткен 3 мыңға жуық ер азаматқа түсінік жүргізіліпті.




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31