Ел жаңалықтары

"Білімі жоқ мамандар науқас қабылдауда": Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері шу көтерді

  • "Білімі жоқ мамандар науқас қабылдауда": Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері шу көтерді

Қызылорда қаласында жедел жәрдем қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар 103-тің  қоңырауларын  қабылдауға көшкен 112 қызметі жұмысқа кедергі болып жатқанын айтады. Себебі ол жерде медицина саласына мүлдем қатысы жоқ адамдар отыр дейді олар. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оперативті бөлімнің аға дәрігері Ләззат Медетованың айтуынша, қоңырау қабылдайтын қызметкерлердің арасында науқаспен жұмыс істеп көрмеген мамандар отырған көрінеді.

 "МАИ қызметкерлерінен зейнетке шыққан, отставкаға шыққан жүргізушілер бар. 4 жыл медициналық колледжде оқыған қолында дипломы бар бірақ маман сертификаты жоқ науқаспен жұмыс жасамаған, науқас қабылдап көрмеген адамдар науқаспен сөйлесіп отыр", - дейді ол.

Бас дәрігер Алмат Дәденұлы медициналық білімі жоқ мамандардың жедел жәрдем жұмысына араласуынан кемшіліктер болып жатқанын жасырмайды. Арасында жедел жәрдем қызметіне нұқсан келтіріп жатқаны да бар дейді ол.

Ал бұған жауапты басшы мәселенің рас екенін айтады. Зейнетке шыққан  мамандарды қызметке алудың өзіндік себебі бар дейді орталық директоры.

"102 саласынан яғни полиция саласынан зейнетке шыққандарын қабылдағанбыз өйткені, бізде 112 қызметінде 101,102,103 қоңырауларын қабылдаймыз. 2021 жылдан бастап  осы біздің мекемеге 112 қызметі беріліп, бірыңғай кезекші диспетчер беріліп, қоңырауларды қабылдап, өңдеп осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеміз", - деп түсіндірді Қызылорда облыстық жедел әрекет ету орталығының директоры Оңдасын Өтепбеков.




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 09:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31