Ел жаңалықтары

Білім министрі Жамбыл облысындағы вакцина зауыты жөнінде айтып берді

  • Білім министрі Жамбыл облысындағы вакцина зауыты жөнінде айтып берді

    Білім министрі Жамбыл облысындағы вакцина зауыты жөнінде айтып берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауыт құрылысы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысындағы зауыт бойынша құрылыс жүріп жатыр және өңір әкімдігі бірнеше рет ақпарат берді. Ережеге сәйкес біз Білім және ғылым министрлігі ретінде зауыттар салу, дәрілік препараттар, вакциналар шығару бойынша құзыретіміз жоқ, сондықтан заңнамаға сәйкес зауытты да өзіміз сала алмаймыз. Сондықтан бұл қаражат Жамбыл облысының әкімдігіне берілді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының әкімдігі тапсырыс беруші ретінде конкурс өткізіп, жобалық-сметалық құжаттама дайындап, аталған құжатқа мемлекеттік сараптама алды. Бұдан әрі мердігермен шарт жасасып, зауыт салуды бастады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жабдықтары шамамен 100% жеткізілген.

«Біздің алдымызда үлкен міндет тұр – жалпы зауыттың өзі GMP жоғары талаптарына сай келуі тиіс: таза ғимараттар, арнайы талаптар, алдын ала валидацияға, вакцинаның тұрақтылығына, таңбалауға қойылатын талаптар бар. Осыған байланысты зауытты іске қосу алдында ауқымды жұмыс жүргізу қажет, оны қазір Жамбыл облысының әкімдігі мен мердігер жүргізеді», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 21:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31