Ел жаңалықтары

Блогерлер Талғар ауруханасында бас дәрігермен кездесуді талап етіп, шу шығарды

  • Блогерлер Талғар ауруханасында бас дәрігермен кездесуді талап етіп, шу шығарды

    Блогерлер Талғар ауруханасында бас дәрігермен кездесуді талап етіп, шу шығарды

Блогерлер мен қоғам белсенділері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцев бас дәрігер Нұрлан Күлсейітовпен кездесу үшін Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруханаға барған сәттен түсірілген видео LIFE KZ YouTube каналында жарияланды.

Роликтің басында блогерлер ауруханаға жақында Талғар әкімдігінде болған оқиғадан кейін келуге шешім қабылдағанын, онда бас дәрігер жергілікті тұрғынның сұрағына жауап беру кезінде айқайлап, үстелді жұдырықпен ұрғанын айтты.

Видео авторлары бас дәрігердің бұл әрекетін орынсыз деп санап, болған оқиғаға жеке өзі түсініктеме беруі үшін одан сұхбат алуды жоспарлаған.

Блогерлер ауруханаға еш кедергісіз кіріп, бәрін камераға түсірді, бірақ қонақтар бас дәрігердің кабинеті орналасқан әкімшілік аумағына кіре алмады. 

Күзетшілер оларды кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Жағдай төбелеске ұласуға шақ қалды.




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31