Ел жаңалықтары

"Борат" фильмінің актері Қазақстанға келетінін айтты

  • "Борат" фильмінің актері Қазақстанға келетінін айтты

Танымал комик Саша Барон Коэн жақында комедия жанрындағы ең үздік актер ретінде және "Борат 2" фильмінің түсірілімінің қатысушысы ретінде екі "Алтын глобус" сыйлығын алды. Актер сұхбатында Қазақстанға сапар шегу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кинодағы актердің образы - Американы аралайтын қазақ журналисі жайлы. Борат Сағдиевтің образы Саша Барон Коэнге үлкен атақ әкелді. Алайда қазақстандықтар Коэннің халықты қалай көрсеткеніне наразы болды. Актер өз фильмінде нағыз Қазақстанды емес, дәл осындай атаумен ойдан шығарылған елді бейнелегенін мәлімдеді, бірақ қазақстандықтар жадында фильмнің жағымсыз әсер әлі де сақталып қалды.

 
Биылғы "Алтын глобус" номинанттары белгілі болғанда, "Борат 2" фильмі 3 категория бойынша сыйға ұсынылды. Нәтижесінде екеуінен жеңімпаз атанды. АҚШ-тағы қазақ диаспорасының бір бөлігі "Алтын глобус" басшылығына Коэнді нәсілшілдік үшін айыптап, фильмді номинанттар тізімінен шығаруды сұрады. Алайда актер өз кезегінде тек жымиып, қалжыңға айналдыра берді. 

"Маған Қазақстан халқы әзіл түсінетін ел, Боратты қуанышпен қабылдағанын айтты, - деді Саша Барон Коэн ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында.


Саша Барон Коэн Қазақстанға баруға жоспарда бар ма деген сұраққа: "Егер шақырса, мен қуана-қуана барамын", - деп жауап берді ол.

"Айыпталушы болу - сатириктің жұмысының қалыпты бөлігі. Барлық сот бұл талаптарды қабылдамайды, өйткені кез келген елдің заңдарына сәйкес сатириктер сотталмайды. Біздің мамандығымыз — сатира жасау. Ол заңды түрде жұмыс істейді. Оның тіпті салық коды бар. Егер сатириктер сатира жасауды тоқтатса, онда олар салықты қалай төлейді? Жоқ, мен сот  процесінен қорықпаймын. Керісінше, мені біреудің сезімін қорлағаны үшін жауапқа тартуға тырысқан сайын, фильм соғұрлым сәтті болады", - дейді Саша Барон Коэн.




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30