Ел жаңалықтары

Бойжеткен өзінің туған шешесімен кездесуді жылдар бойы армандаған, бірақ оны таба алмаған.

  • Бойжеткен өзінің туған шешесімен кездесуді жылдар бойы армандаған, бірақ оны таба алмаған.

    Бойжеткен өзінің туған шешесімен кездесуді жылдар бойы армандаған, бірақ оны таба алмаған.

ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаты Сәлімжан Нақпаев жерасты сулары кен орындарының шығынға батып жатқанын айтып, мәселені дереу қолға алу керектігін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Елімізде маңызды стратегиялық ресурс бар. Ол – жерасты тұщы сулары. Бүгінгі таңда елімізде тәулігіне 43 млн куб метрден астам су қорын қамтитын 4286 кен орындары бар. Бұл жерасты суларының кен орындары еліміздің 14 облысының аумағында орналасқан. Өкінішке қарай, жерасты суларын пайдалану жүйелі түрде бақыланып, реттелмей отыр. Кезінде қазылған гидрогеологиялық ұңғылар ескіріп, ашық күйінде қалдырылып, бүгінде 2256 апатты гидрогеологиялық ұңғылардан жер асты сулары тоқтаусыз айдалаға ағып жатыр. Кейбір өңірлерде жүздеген ұңғылар жоюды және консервациялауды қажет етеді. Мысалы, Атырауда – 180, Ақтөбеде – 278, Маңғыстауда – 299, Түркістанда – 361 және Қызылорда да - 411. Осындай стратегиялық байлығымыздың реттелмей ағып жатуы, жер асты қорларын орны толмас шығынға ұшыратуда", - деді Сәлімжан Нақпаев Мәжіліс отырысында. 

 
Оның мәлімдеуінше, 2002 жылы "Еліміздің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" бекітіліп, ол бағдарлама 2009 жылы тоқтаған. 

"Сонымен қатар артезиан ұңғылардан аққан сулар сол аумақтың экожүйесіне айтарлықтай әсер етуде. Атап айтқанда, топырақтың тұздануына, батпақты жерлердің ұлғаюына, өсімдіктердің жойылуына және қолдан жасалған тоғандардың пайда болуына әкеліп отыр", - дейді ол. 

Өз сауалын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға жолдаған Мәжіліс депутаты Үкіметке бағдарламаны қайтадан жандандырып, жерасты суларын стратегиялық ресурстар ретінде сақтау үшін қаржыландыру керектігін айтты. 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 15:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31