Ел жаңалықтары

Бірінші жартыжылдық қорытындыланды

  • Бірінші жартыжылдық қорытындыланды

    Бірінші жартыжылдық қорытындыланды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Алғашқы жартыжылдықта өңірде 387 іс-шара іске асырылды, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының  міндетін атқарушы Злиха Таласбекова.                                                                                                  

– Қаңтар айы «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» деп аталып, азаматтық қоғам өкілдері мен қазақстандық ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция, «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлес» атты онлайн-дәрістер мен сынып сағаттары, «Ұшқыр ой алаңы» атты облыстық пікірталас турнирі өтті.

«Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» деп аталған  наурыз айында қайырымдылық және көрісу  мерекесіне арналған мәдени шаралар өтті.

«Ғылым және технологиялар» айы атанған сәуірде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты оқушылар арасында қалалық пікірталас турнирі, Махамбет ауданында  «Ақылды ұрпақ» жобасы аясында «Алаш ақтаңдықтары» атты жас тарихшылармен онлайн-дөңгелек үстел, Индер ауданында «Елім дейтін ұланбыз» атты ақындар айтысы, «Бәскеге қабілетті тұлғаның дамуы» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Мамыр «Ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» айы аталып, Бірлік, Жеңіс және саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күндеріне арналды.

«Патриотизм» айы деп аталған маусымда Атырау қаласындағы Рәміздер алаңында мерекелік шара, Атырау қаласы мен аудандарда «Мен – Қазақстанның патриотымын!» ұранымен мерекелік шеру өтті.

Енді екінші жартыжылдықта Тәуелсіздіктің 30 жылдығының аясында   61 іс-шара –  «Тәуелсіздікке 30 жыл: жетістіктер мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, «Тәуелсіздік құндылықтары» атты салтанатты шара, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізу жоспарлануда.




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 21:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30