Ел жаңалықтары

Біртанов вакцинациялау жайлы шындықты айтты

  • Біртанов вакцинациялау жайлы шындықты айтты

    Біртанов вакцинациялау жайлы шындықты айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кезекті рет вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазған. 

"Адамды вакцинациялау - бұл дербес профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы Кодекс пен жаңа Кодекстің жобасы бойынша - кез келген азаматқа осы адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

 

Кез келген адамның (ата-ананың) бас тартуға құқығы бар", - дейді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мәжбүрлі шара емес.

"Сонымен бірге, халықты вакцинациялау - халықты инфекциялардың эпидемиясынан қорғаудың жалғыз, ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі болып табылады.

Сондықтан ол кез келген мемлекет үшін, кез келген халық үшін міндетті.

Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы болып табылады", - дейді министр.

Айтуынша, егер вакцинациялау міндетті болмаса, ол перзентханалар мен емханалар дәрігерлерінің орындауы үшін де міндетті болмайды. Біздің бұл вакциналарды сатып алуымыз қажет болмайды.

Жылына 4 миллионнан астам бала туған кезде және кейін полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа да инфекциялардан мемлекеттің есебінен тегін вакцинацияланбайтын болады.

 
 

 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31