Ел жаңалықтары

"Бұл мен емес, менің сыңарым": Қостанайлық азаматтың мойнына өзгенің несиесі ілінген

  • "Бұл мен емес, менің сыңарым": Қостанайлық азаматтың мойнына өзгенің несиесі ілінген

Қостанай қаласының тұрғыны өзгенің несиесі мен айыппұлдарын төлеуге мәжбүр. Қазбек Арықовтың сөзінше, елордада дәл өзінікіндей төлқұжатпен өзінен аумайтын ер адам тұрады. Бұл мәселенің шешілмей келе жатқанына бірнеше жыл болған, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөлімі.

Қостанайлық Қазбек Арықов шарасыз күйге түскен. Жұмбақ егізге қатысты мәселе бірнеше жыл бұрын басталған. Ер адамға Нұр-Сұлтан қаласында жасалған ұсақ құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар келе бастаған. Сонымен қатар қостанайлық ол туралы жалақы картасынан ақша шешіп алған уақытта білген. Ер адам полицияға арыз жазған.

 
"Мені астанаға шақырды, онда жол патрульдік қызметкерлері жиналып, хаттама жасағандар мені танымады. Барлық айыппұлдарды базадан алып тастайтынын айтып кешірім сұрады, мен қайтып кеттім. Енді міне өткен жылдан бастап айыппұлдар қайта басталды", - дейді қостанайлық азамат Қазбек Арықов.

Ер адамға барлығы жүз мың теңге шамасында айыппұл келген. Ал жуырда оның әйеліне банктен қоңырау шалып, несиені төлеуде кешігіп жатқандығын айтқан. Ол елордада 800 мың теңгеге екі ұялы телефон сатып алып, ал ақшаны микронесие ұйымынан алған көрінеді.

"Мен менеджермен сөйлестім, ол маған несиені алуға келген ер адамның суретін жолдады. Ер адам суретке орманда түскенге ұқсайды. Менеджер маған келген азаматтың осы екенін айтып, қолында менің төлқұжатым болғанын жеткізді. Ол қазір әбден менің атымнан өмір сүргенге үйреніп алды", - дейді Қазбек.

Фотоға қарағанда нұр-сұлтандық азамат Қазбек Арықовтан үлкен көрінеді, алайда бет-әлпетінде ұқсастық бар. Ал жеке куәлік елорда тұрғынына берілгендіктен, қостанайлық талап қою мерзімі бітіп кеткендіктен құжатын ала алмаған. Қазір барлық электронды құжаттарда қостанайлық азаматтың деректері, ал суретте астаналық ер адам тұр. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

"Екі түрлі тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің ықтимал сәйкес келуіне қатысты айтатын болсақ, ЖСН 12 санның бірегей комбинациясы болып табылатындықтан, жеке тұлға үшін бір рет жасалады және басқа жеке тұлғаның деректерімен сәйкес келмейді. Сол себепті мұндай фактінің алынып тасталғанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Демек қызметкерлердің бірі қателік жіберген болып шығады, басқа түсіндірме жоқ. Бұл ретте елорда тұрғыны өзінің ұқсастығын пайдаланып, пайдакүнемдік мақсатта бөтен тұлғаның деректерін пайдалануды жөн көрген. Бұл жағдайға халыққа қызмет көрсету орталығының әлде полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын тергеу нәтижесі анықтайды.

Бірақ Қазбек Арықов заң қызметкерлерінің осындай күрмеленген оқиғаның ақ-қарасын ажыратуға асықпайтынын айтып шағымданады, ал бұл уақыттың ішінде алаяқ оның үйін де сатып жіберуі ықтимал.




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30