Ел жаңалықтары

Бұрынғы оқытушы сессиясын жабу үшін ұстазымен ойнас құруға дейін баратын студенттер жайлы айтты

  • Бұрынғы оқытушы сессиясын жабу үшін ұстазымен ойнас құруға дейін баратын студенттер жайлы айтты

    Бұрынғы оқытушы сессиясын жабу үшін ұстазымен ойнас құруға дейін баратын студенттер жайлы айтты


Елордалық студент қыздар сессияны ойдағыдай жабу үшін, ұстаздарына жыныстық қатынасқа түсу туралы ұсыныс айтатын болған. Мұғалімдік қызметтен бас тартқан бұрынғы оқытушы аталмыш саладан не себепті кеткенін KAZ.NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.



 


 

Көрнекі фото: CC0

Көрнекі фото: CC0


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Бұрынғы ұстаз KAZ.NUR.KZ тілшісіне есімін жасыруды сұрады. Экс-оқытушының сөзінше, бүгінде жас қыздар сессияда жақсы баға алу үшін, ұстаздарына "интимдік" қызмет ұсынудан тайынбайтын болған.


"Мұғалімдік мамандыққа негізі өз қалауыммен келмедім. Кезінде мемлекеттік грантты ұтып алу үшін, осы мамандықты таңдауға тура келді. Бастапқыда колледжде сабақ бердім, кейін магистратураны бітіріп, университетте сабақ беруге көштім. Айтайын дегенім, қазіргі студент қыздар ұяттан жұрдай болған.
Сырттай біреуді жамандайтын әдетім жоқ, бірақ бұрынғы әріптестерімнің арасында сессияда жақсы баға қою үшін, қыздармен төсектес болған ұстаздар да бар. Ұят та болса, шындық осы. Студенттер сессияны жабу үшін, мұғалімдерге ұялмай-қызармай қырындайды, қала берді оларды пәтер жалдап, сонда шақырады. Былайша айтқанда, өте жиіркенішті жұмыс, ұстаздықтан мүлде көңілім қалды. Сол себепті бұл жұмыстан кетіп тындым", - дейді оқытушы.

Бұрынғы мұғалім аталмыш ісіне еш өкінбейтінін айтты.


"Жас қыздардың обалына қалғанша, өз жөніммен кетуді жөн көрдім. Қазір өз кәсібім бар, құдайға шүкір. Бұрындары осындай жағдайларды тек теледидардан естуші едік, қазір ол шын оқиғаларға айналды. Қай университетке бармасаңыз сондай жағдай, таң қалмайтын болдық. Осындай әрекетке барып жүрген мұғалімнің де, студенттің де санасына берсін", - деп сөзін аяқтады бұрынғы оқытушы.




Көрілген: 3993    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31