Ел жаңалықтары

«Дайын болуымыз керек»: Жаңа рекордтық деңгейде аптап ыстық күтілуде

  • «Дайын болуымыз керек»: Жаңа рекордтық деңгейде аптап ыстық күтілуде

    «Дайын болуымыз керек»: Жаңа рекордтық деңгейде аптап ыстық күтілуде

Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда аптап ыстықтың үдей түсуіне әкеліп соқтырады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауа райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтаған Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары аптап ыстық үдей түсетінін болжап отыр. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек дейді олар.

Зерттеушілер сондай-ақ Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын алға тартып отыр. Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді.

Одан бөлек, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген тұжырымға келіп отыр. 

"Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек", - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері 27-29 арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Синоптиктердің болжамынша, осы аптада ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Метрологтардың мәліметінше, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Салдарынан ауа темпертурасы төмендеп, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде.




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 14:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30