Ел жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасы қашан экспортқа шығарылатынын айтты

Қазақстан QazVac вакцинасын шетелге экспорттайтын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шынымен де қазақстандық вакцина елімізде де, шетелде де үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әрине, QazVac вакцинасының танымалдығын арттыру және оны өзге елдерге жеткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Процедура ұзаққа созылады. Елдердің вакцинаны өзара мойындауы, жеткізілетін елде тіркелуі қажет. Бұл жұмыстарды біртіндеп бастаймыз. Қазір бұл вакцинаны алуға ниет танытқан серіктестерді іздестіріп жатырмыз. Барлық реттеуші құралдар іске қосылған", - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

 

Оның атап өтуінше, Жамбыл облысындағы QazVac вакцинасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Зауыт іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықты қажетті вакцинамен қамтамасыз етуге қауқарлы болады.

"Зауытты іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрал-жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, регламентке байланысты процедуралар жүргізілу үстінде. Күзге қарай бұл зауыт іске қосылып, өндірістік қуатын біртіндеп арттыруы тиіс", - деді Алексей Цой.




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31