Ел жаңалықтары

Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды

  • Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды

    Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды

Отандық инфекционистер қыркүйектің аяғына дейін ересектер мен балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салып шығуға кеңес беріп отыр

Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцина салдыру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бұл вакцина Қазақстандағы коронавирустың қаупін де азайтуға мүмкіндік береді. Себебі оның негізгі салдары – пневмония.  

"2010 жылы Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация енгізілген болатын. Бүгінде 10 жастан асқан және үлкен кісілерге ондай екпе салынбады. Бәлкім, қазақстандық COVID-ке сай ерекшеліктің себебі де сонда шығар. Оның ауыр салдары бар. Ол - пневмония", - деді Бәлиева мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, отандық инфекционистер қыркүйектің аяғына дейін ересектер мен балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салып шығуға кеңес беріп отыр. Бүгінде әлем бойынша көптеген елдер де осы тәжірибені қолға алып жатыр. Осы орайда депутат үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық министрі Алексей Цойға жазбаша сауал жолдап, мәселені шешіп беруді сұрады. 

"Осы мәселені қарастырып, оң шешім қабылданған жағдайда бұл шараны міндетті медициналық сақтандыру қорының есебінен өткізу керек. Себебі бұл вакцина қымбат. Мен осы мәселені жұмыс топтарының отырысында бірнеше рет көтерген едім. Бірақ "СК-Фармация" тарапынан әлі жауап жоқ", - деп атап көрсетті Бәлиева. 

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда пневмококк инфекциясының 13 түріне қарсы балаларға арналған вакцинаны табуға болады. Ал үлкен кісілерге арналған 23 пневмококктың вакцинасы әкелінген жоқ. 

"Сондықтан осы мәселені шұғыл шешу керек. Барлығына пневмококк инфекциясының 13 түріне қарсы вакцинаны да салып шығуға болады", - дейді Бәлиева.




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30