Ел жаңалықтары

Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды

  • Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды

    Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды

Қазақстанда азаматтардың депутаттарға тікелей сұрақ қоюына мүмкіндік беретін Salemdeputat.kz сайты іске қосылды. 

Жобаны ұйымдастырған - Zertteu Research Іnstitute&rdquo қоғамдық қорының хабарлауынша, бұл сайт арқылы облыс мәслихатының не парламент мәжілісінің депутатына электронды ашықхат жіберуге болады.

Құрметті сайт қолданушысы! Жылда, күзде ҚР Парламенті мен мәслихаттарда келесі жылғы бюджеттің жобасы қаралады. Сізді Salemdeputat жобасына қатысуға шақырамыз! Сайт көмегімен өз депутатыңызға ашықхат жолдап, елдің, қалаңыздың, ауданыңыздың және ауылыңыздың бюджеті туралы сұрақ қоя аласыз! - дейді сайт жасаушылар.

Жоба бастамашылары барлық облыс мәслихаттарынан депутаттардың электронды мекенжайын беруді сұраған.

- Мәслихаттардың 70 пайызы оң көзқарас танытты. Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының мәслихаттары депутаттардың электронды пошталарын жеке бас мәліметі деп санады. Біз сайлаушылармен байланыс болуы үшін әсіресе цифрландыру дәуірінде мәслихат депутаттарының жұмыс және электронды мекенжайы нақты жариялануы тиіс деп санаймыз. Мәселен, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттары депутаттардың электронды пошталарын сайттарында көрсеткен, бұл халық қалаулыларымен тікелей байланысуға мүмкіндік береді. Кейбіреулері мәслихаттың корпоративтік пошта мекенжайын берді. [Мәслихатта] "осы мекенжайға жіберіңдер, әрі қарай кімге жөнелтуді өзіміз шешеміз" деді, - дейді "Zertteu Research Institute" сарапшысы Ғалымжан Оразымбет Азаттыққа берген сұхбатында.


BAQ.KZ




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30