Ел жаңалықтары

Димаш Қытай шоуында ән айтып көрермендерді таңғалдырды

  • Димаш Қытай шоуында ән айтып көрермендерді таңғалдырды

    Димаш Қытай шоуында ән айтып көрермендерді таңғалдырды

Әншінің видеосы Youtube желісінде жарияланды.

Stranger деп аталатын ән тыңдармандарды қатты қуантты - көрермендер Димаштың өз дауысын қаншалықты шебер меңгергенін бағалады.

Димаш Қытайдағы Shine! Super Brothers шоуына қатысып жатыр. Жобаға қатысушылар бір-бірімен танысып, музыкалық жетістіктері, сахнада қанша жыл өнер көрсетіп жүргендері туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Бір қызығы, мұндағы қарсыластар жарыспай, бір-біріне қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, Игорь Крутойдың Димашқа арнап жазған Stranger әнін қазақстандық әнші алғаш рет тамыз айында "Жаңа толқында" ұсынған болатын. Онда ән әуені басқаша еді.

Димаш Қазақстан атынан қатысқан жалғыз қатысушы. Ол әріптестеріне бес жасынан бастап сахнада жүргенін айтып, Қытай шоу-бизнесіндегі өзіне не әсер еткені туралы пікірімен бөлісті.

Бұған дейін қазақстандық орындаушы "әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін" Қытайға оралуға ниетті екенін мәлімдеген. Әнші екі жылдан кейін Қытай сахнасына қайта оралғанына қуанышты екенін мойындады. Димаштың айтуынша, оған Қытайда да, басқа елдерде де фильмдерге түсуге көптеген ұсыныстар түседі.




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 15:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31