Ел жаңалықтары

Елбасы академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

  • Елбасы академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

    Елбасы академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

Елбасы академик Серік Қирабаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-

туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
«Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым болатын. Ол өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орта мектепке арналған оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазу және жетілдіру ісіне аянбай атсалысқан зор парасат иесі, ұлағатты ұстаз еді.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми-зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды» делінген жеделхатта.

Елбасы Серік Смайылұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына  сенім білдірді.

elbasy.kz




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 13:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30