Ел жаңалықтары

Елімізде 40 мыңдай адам коронавирус жұқтырған: Министр әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келетінін жеткізді

  • Елімізде 40 мыңдай адам коронавирус жұқтырған: Министр әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келетінін жеткізді

    Елімізде 40 мыңдай адам коронавирус жұқтырған: Министр әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келетінін жеткізді

Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны 40 мыңға жуықтады дейді министр. Оның сөзінше, вирус қазір бір адамға ғана емес бір отбасы мүшелерінің барлығына дерлік кері әсерін тигізуде. Сол себепті қазақстандық отбасылардың барлығы вируспен күресуі керек деп атап өтті министр.

 

"Қазіргі таңда елдегі жағдай «инфекцияның үйде таралуы» деңгейіне өтті. Вирус халық арасында таралып жатыр. Өкінішке орай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады.  COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған", - дейді министр. 

Оған қоса, елімізде дәрігерлердің тапшылығы орын алып жатыр. Өйткені вирус оларға да жеткен деп түсіндірді Алексей Цой. Алайда, бұл олқылықтар алдағы уақытта реттелетін болады дейді министр. 

"Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр, медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ, қажетті құралдар жеткілікті, соның негізінде жұмыс істеліп жатыр", - дейді Алексей Цой.

 
 

 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31