Елімізде 9 мыңға жуық кен орны бар

19 мамыр 2022, 13:03

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді. 
 
 Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдегі пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерімізде 8711 кен орны бар. 

Олардың ішінде, көмірсутек бойынша – 317, қатты пайдалы қазба – 910, жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша 3160 және жерасты сулары кен орындары – 4324-ті құрайды. Мұнайдың А+В+С1+С2 санаттары бойынша теңгерімдік қоры 4,4 млрд тонна, газ қоры – 2,1 трлн м3, конденсат – 416,2 млн тоннаға тең. Осы орайда олардың басым көпшілігі – 75%-ы – Атырау мен 11%-ы Маңғыстау облыстарында екенін айта кеткен жөн. Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы 3 ірі кен орындары: Теңіз, Қашаған мен Қарашығанаққа тиесілі, - деп атап өтті комитет төрағасы. 
Еске сала кетейік, бұған дейін Талғат Сатиев алтын, мырыш, қорғасын бойынша елімізде жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік бар екендігін айтқан болатын. 

BAQ.KZ