Ел жаңалықтары

Елімізде жаңадан үш партия құрылады

  • Елімізде жаңадан үш партия құрылады

    Елімізде жаңадан үш партия құрылады

Елімізде жаңадан үш партия құрылады. Оның бірі қазір Әділет министрлігінде тіркеліп жатса, тағы екеуі әлі партия съезін өткізу керек. Жалпы былтыр 9 бірдей саяси ұйым партия ретінде тіркелуге өтініш беріпті. Бірақ соның алтауының өтініші заң талабына сай емес деп кері қайтарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі КТК арнасына сілтеп. 

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, партияны тіркеу екі сатымен жүргізіледі. Алдымен ниеті болған саяси ұйым өтініш беруі керек. Егер барлығы заңға сай келсе, одан соң съезд өткізіп қол жинайды. Қазіргі заң бойынша сапында 20 мың адам адам болуы шарт.

 
Бірақ олардың арасында әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге ел азаматтары болмауы тиіс. Осындай талаптарға сай келмей қалғандардың бірі &ndash El tiregi. Саяси ұйым жетекшісі Нұржан Әлтаев "әдейі тіркемей отыр" деп Әділет министрлігін сынаған еді.

Ал министрліктің мәлімдеуінше, олардың құрамында қайтыс болған адамдардың аты-жөні жүр. Содан арылсын деген ұстанымда. Әлтаевтың оппозициялық баламалы үкімет құрам деген мәлімдемесіне министр Бекетаев күмәнмен қарайтынын білдірді.

"Егер қандай да бір партияның құрамында жақсы қаржыгер, заңгер, мықты мамандар болса, неге құрмасқа? Ал біздің көріп отырғанымыз "маған ақша берсең, мен осындай адамдарды тауып берем, сосын олар солай істейді" дегенге саяды. Одан гөрі, алдымен сондай адамдарды тауып, содан кейін қаржыландыруды сұраған дұрыс шығар? Олар тіпті ақша сұрамайтын да шығар", - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28