Ел жаңалықтары

Еліміздің бірқатар облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • https://svidok.info/

    https://svidok.info/

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда 2020 жылдың 22 наурызынан сағат 21:00-ден бастап, 23 наурыз сағат 21:00 аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке қарай ойысып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласында 23 наурызда жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтерліп, түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге жетеді.

 

Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл көтеріліп, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

 

Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

 

Күндіз Маңғыстау облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауыл тұрып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

 

Ал 23-25 наурыз аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Кей жерлерде тұман түседі.

 

Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады, тұман түсуі де мүмкін. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

 

23-25 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с болады.

 

Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

 

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғып, одан әрі ол күшейе түседі.

 

24.kz

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 21:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30