Ел жаңалықтары

Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі

  • Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі

    Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және ECOJER қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды. 

 
Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді.

Мұндай қаржылық ынталандыру халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пайызсыз кредит беру бағдарламасының шарттары бойынша елорда тұрғындары 750 000 теңгеге дейінгі сомаға, 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 0%-бен кредит ала алады (қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия небәрі 0.1%-ды құрайды).

Пайызсыз несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар:

кеңес алу, өлшеу мен құнын есептеуді жүзеге асыру үшін жақын жердегі ұйымға («Capital Construction 2020» ЖШС) жүгінуі;
газды қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттар алуы;
жеткізушімен шарт жасап, «ECOJER» қауымдастығының «Жасыл сертификатын» алуы;
шартпен және сертификатпен Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне пайызсыз кредит алу үшін жүгінуі керек (Жеңіс даңғылы, № 72 үй және Бейбітшілік көшесі, № 24 үй, № 4 т.е.ж.).




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 15:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31