Ел жаңалықтары

Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты

  • Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты

    Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты

Нұрымбетов шетелдік жұмысшылар арасында қытайлықтардың үлесі көбірек екенін мойындап отыр, бірақ, айтуынша, олардың саны жылдан-жылға азайып келеді


Қазір Қазақстанда 21 300 шетелдік жұмысшы еңбек етеді, соның 4300-і – қытайлықтар. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгінде 21 300 шетелдік маман жұмыс істеп жүрсе, соның 4300-і – қытайлықтар. Иә, үлесі басқаларға қарағанда көбірек. Бірақ, егер соңғы төрт жылмен салыстырсақ, 2016 жылы 12-13 мыңдай қытайлық еңбек етті, одан кейін 9 мың, 6 мың болды. Қазір – 4300. Сондықтан ресми рұқсаттама бойынша істеп жатқан қытайлық жұмысшылар саны азайып келеді", - деді Нұрымбетов үкімет кулуарында.


Айтуынша, шетелдік жұмысшылар ең көп құрылыс және тау-кен өндіру саласына тартылған.


Министрлік бас прокуратураның бастамасымен шетелдік жұмысшылар тартылған ірі кәсіпорындарды тексеріп шыққан.


"Бірінші кезеңде 50-ден аса шетелдік жұмыс күшін тартатын 63 ірі компанияны тексердік. Нәтижесінде, еңбек заңнамасын бұзудың 700-ге жуық фактісі анықталды. Өкінішке қарай, 24 компанияда шетелдік және отандық мамандардың жалақысы мен тұрмыстық жағдайында айырмашылық айқындалды. Осындай 400 факті тіркелді", - деді ведомство басшысы.


Екінші кезеңде отыздан аса шетелдік жұмысшы істейтін 34 мекеме тексеріліп жатыр. Нұрымбетовтің сөзінше, 14 компанияның тексерісі аяқталды. Төрт кәсіпорында қазақстандық мамандар шетелдіктерден аз жалақы алған.


Министр тексеріс жалғасып жатқанын айтты.




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31