Ел жаңалықтары

Ғалымдар екпені қайталап салудың пайдасыз екенін айтты

  • Ғалымдар екпені қайталап салудың пайдасыз екенін айтты

    Ғалымдар екпені қайталап салудың пайдасыз екенін айтты

Мамандардың айтуынша, қолданыстағы вакциналар айтарлықтай тиімді, сондықтан әзірге қайта екпе салудың қажеті жоқ.

Халықаралық медициналық басылым халықты жаппай ревакцинациялаудың пайдасы жоқ деген мақала жариялады. Бұл туралы ДДСҰ мен АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының ғалымдар тобы ұсынған деректерде айтылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Мамандардың айтуынша, қолданыстағы вакциналар айтарлықтай тиімді, сондықтан әзірге қайта екпе салудың қажеті жоқ, деп жазады The Lancet басылымы.

Сонымен қатар, екпенің қайталанатын дозаларын тым жиі немесе мерзімінен бұрын қабылдау да пайдасыз. Тіпті қауіпті болуы да ықтимал. Мысалы, екпені үздіксіз сала беру миокардитке және Гийен-Барре синдромына шалдықтыратын көрінеді,— деп жазады салалық басылым.

Дегенмен "кейбір иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін күшейткіш вакциналар пайдалы болуы да мүмкін" дейді ғалымдар. Қалай болғанда да, сарапшылар вакциналардың жаңа дозаларын ұсынбас бұрын тиісті зерттеулер жүргізуі керек деп есептейді.

Бұндай тұжырым әсіресе қазір кеңінен қолданыла бастаған екпелерге (Pfizer мен Moderna) және аденовирусқа негізделген препараттарға (мысалы, Sputnik V) қатысты жасалған байлам.




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 13:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31