Ел жаңалықтары

Ғасыр куәгері коронавирустан жазылып шықты

  • Ғасыр куәгері коронавирустан жазылып шықты

    Ғасыр куәгері коронавирустан жазылып шықты

Шымкенттік Қызтай Дүйсебекова жүзінші күзін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтады. Бұған қоса қарт кісіні асқазанындағы жарасы мазалапты.

Дәрігерлер науқасты бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізді. Соның нәтижесінде қарт ана толығымен айығып, дәл туған күнінде ауруханадан үйіне шықты. Дәрігерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Хаттамаға сәйкес ем жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты, — деді емдеуші дәрігері Тіленшина Ләззат.


BAQ.KZ




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 08:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31