Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында карантин режимін қатаңдатты

  • Жамбыл облысында карантин режимін қатаңдатты

    Жамбыл облысында карантин режимін қатаңдатты

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Салтанат Әлібаева 19 қазан күні түн ортасынан бастап өңір аумағында карантин шараларын қатаңдату туралы қаулыға қол қойды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, балаларға да, ересектерге де арналған барлық ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық орындардағы балалар ойын алаңдары мен батуттар, букмекерлік кеңселер мен кинотеатрлар) жұмысына тыйым салынады.

 
Демалыс және мереке күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, сонымен қатар, ішіндегі супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда, сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.

Адамдар көп жиналатын көпшілік, ойын-сауық, мәдени-демалыс және отбасылық-еске алу шараларын өткізуге, оның ішінде үйде ұйымдастыруға тыйым салынады.

Мал базарларының қалыпты режимде жұмыс істеуіне тыйым салынған. Оларға санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, тұтынушыларға ет жеткізуді ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Жерлеу рәсімін өткізу кезінде 30-дан астам адамның жиналуына  рұқсат етілмейді. Жиналғандар кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажет.

Сонымен қатар, атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел жәрдем қызметі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, авариялық және құтқару қызметтерінің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қызметкерлерін қоспағанда, тұрғындарға облыс аумағы бойынша 23:00-ден 6:00-ге дейін жүріп-тұруға шектеу қойылды. Көшеге шығу 65 жастан асқан адамдарға шектелді.

Жамбыл облысы санитар дәрігерінің қаулысының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31