Ел жаңалықтары

Жаңақорғанда жайылып жүрген 700 бас қой өртеніп кетті. Шығынды кім өтейді? ВИДЕО

  • Жаңақорғанда жайылып жүрген 700 бас қой өртеніп кетті. Шығынды кім өтейді? ВИДЕО

    Жаңақорғанда жайылып жүрген 700 бас қой өртеніп кетті. Шығынды кім өтейді? ВИДЕО

Қызылорда облысында 700 бас асыл тұқымды қой далада жанып кетті. Тағы бірнеше қозы күйіп қалған. Жаңақорған ауданындағы жағдайды жіті тексеруге арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы «АстанаТВ» арнасы хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, шаруа қожалығы күзгі жиын-терімнен кейін күріш алқабын тазаламақ болып өрт қойған. Шаш етектен шығынға батқан серіктестіктің шығынын кім өтейді?

«Түгіскен» шаруа қожалығы күріштік алқабын өртеген. Өрттің салдарынан сол жерде жайылып жүрген «Ынтымақ» ЖШС-іне тиесілі мал зардап шеккен. Шопан оттың лезде тарағанынан қорқып, бас сауғалап қашқанын айтты. 

«Малды шығара алмай қалдым. Өзім қуып келіп, осы жерге келгенде игере алмай қалдым. Бәрін өрт басып кетті де, малды тастап қашып кеттім», - дейді шопан Сәби Әуелбеков.
Серіктестік асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысады. 25 жыл бойы еңбекпен мал жиған құрылтайшы үлкен шығынға батқанын жеткізді.

«Аналық бастың құны кемі алпыс мың теңге. Асыл тұқымды. Ішінде 500 бас тоқты бар-тұғын. Бәрі семіз, күйікке түсуге дайын тұрған. 90 мыңнан қошқар әкеліп қосқанбыз, олардың бәрі жанып кетті», - дейді «Ынтымақ» ЖШС құрылтайшысы Мейіржан Құтыбаев.
Күріш алқабын қожайындары жиын-терімнен кейін жерді тазалау мақсатында қойыпты. Олар отар қойдың жайылып жүргенін де көрген. Айтуынша, мұның соңы бұлай болады деп ойламаған.

«22-23 қазанға қарай жауын бар деген. Сол үшін біз тез өртеп, зәкке дайындауымыз керек болған. Мысалы анау алтыншы картада от қойған. Мал бірақ мына жақта болған шығар деп ойлаған. Сол екі арада жел күшейіп кеткен. Әйтпесе, дәл мал жатқан атызға ешкім әдейіліп от қоймаған», - дейді «Түгіскен» шаруа қожалығының төрағасы Ғабит Иасев.

Қазір шығын көлемін арнайы құрылған комиссия есептеп жатыр. Күйік шалған төлдердің есебінен қырылған мал саны да артуы мүмкін. Ал оны кім өтейтіні әзірге белгісіз.

«Егер сот шешімі өтелуге тиіс деп  шешім қабылдаса, онда бюджет есебінен өтеледі. Бұл алдын ала ескертілді. Сол жерде мал жаюға болмайды, өрт қойылады деген хабар да бар. Егер ескертпей, оның малын алып кетуге мүмкіндік бермей өртеп жіберген болса &ndash бұл екінші жақ. Бәрін аудандық ішкі істер бөлімі шешеді», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев.
Бүгінде егіс алқабын мал өлексесінен тазартуу жұмыстары жүріп жатыр. 




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30