Ел жаңалықтары

Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды

  • Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды

    Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды

WBO Дүниежүзілік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізіп, өз титулын қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жоғарыда аталған міндетті жекпе-жек бойынша WBO тараптарға келіссөзді бастауға бұйрық етеді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөз өткізуге және келісімге келуге 20 күн беріледі», - деп мәлімдеді WBO-дан.

Айта кетейік, бұл хат Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирнге және Жәнібек Әлімханұлының менеджері Боб Арумға арналған.

Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) соңғы айқасын 21 қарашада Лас-Вегаста өткізді. Ол франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-5, 21 КО) белгіленген 10 раундтың 8-інші раундында техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша қазақ боксшысы WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 09:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31