Ел жаңалықтары

Жануарлардың табиғи гендік қорын сақтау – Алматы зообағының басты міндеті

  • Жануарлардың табиғи гендік қорын сақтау – Алматы зообағының басты міндеті

    Жануарлардың табиғи гендік қорын сақтау – Алматы зообағының басты міндеті

7 қараша – Алматы Хайуанаттар бағының құрылған күні. Осыған орай зообақтың мәжіліс залында «Жануарлардың табиғи гендік қорын сақтаудағы хайуанаттар бағының ролі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары мен «Аңшылықтану» мамандығында оқитын студенттер, Зоология институтының мамандары мен ақпарат құралдарының өкілдерімен мен студенттері, Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері қатысты.

Зообақ мамандары мен ғалымдардың басын қосқан бұл шараны, Алматы хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы Сейілхан Акилбеков ашып, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті:

– Алматы Хайуанаттар бағы жануарлардың түрлерін сақтау және оларды зерттеу жөніндегі халықаралық бағдарламалардың қатысушысы болып табылады және ERAZA, WAZA, SEAZA сияқты зообақтар мен аквариумдардың әлемдік ассоциациясына мүше.



Зообаққа жүйелі түрде Еуропа елдерінің хайуанаттар бағынан арнайы мамандар келіп, осындағы барлық жұмыс барысына сараптама жасап, бақылау жасап тұрады. Жыл сайын шетелдік білікті мамандар тарапынан Алматы хайуанаттар бағын дамыту бойынша ұтымды ұсынстар беріліп, белгіленген жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қызметкерлеріміз жыл сайын шет мемлекеттердегі зообақтарда болып, білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып қайтады. Бұл бағытта белгілі бір жануарлар түрлерімен жұмыс істеу барысында ілгері қадамдар бар.

Зообақ коллекциясын жаңартып тұру – көп ізденіс пен тиянақты еңбекті қажет ететін жұмыс. Қазіргі кезде зообақтағы вольерлерді заман талаптарына сай, жаңа үлгіде жасап отырмыз. Жыл сайын сирек кездесетін жануарлардың төлдеу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл – хайуанаттар бағындағы жануарларды ұстау жағдайының жақсарғандығының белгісі.

Біз барлық жұмыстарымызды ашық жүргіземіз.Хайуанаттар бағында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүйелі ақпарат беріп тұрамыз.

Зообақ қызметінің жандануына Алматы қаласының әкімшілігі тікелеу қолдау жасап, сонымен қатар жекелеген меценаттар, білікті ғалымдар, арнайы мамандар нақты көмек көрсетіп отырады.



1937 жылы 7 қарашада ашылған зообақ бүгінде заман талабына сай жаңарып, Алматылықтар мен қала қонақтарының жиі келетін, ең сүйікті жеріне айналған.Зообақтың бірінші директоры – белгілі Алаш қайраткері Мырзахан Төлебаев. Бүгінгі күні зообақтың 21,575 га аумағында 375 түрге жататын 3517 жануарлар мен құстар бар. Бұл жануарлардың барлығы 6 секцияға бөлінген: жыртқыштар, тұяқтылар, приматтар, аквариум, экзотариум, құстар.

Жануарлар әлімін қамтыған дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Алматы хайуанаттар бағының тарихын баяндайтын шағын бейнефильм ұсынылып, осы зообақта өсіріліп жатқан сирек кездесетін жануарларға биологиялық бақылау және күтімді оңтайландыру жолдары, зообақ қызметі мен мәртебесі, жануарлардың табиғи гендік қорын сақтау, адамдар өмірінде хайуанаттар бағының алатын рөлі сынды мәселелер талқыланды.




Дөңгелек үстелде Зоология институтының Бас ғылыми қызметкері, биология ғылымының докторы, профессор, Перизат Есенбекова, ҚазҰАУ қауымдастырылған профессоры, Андия Серикбаева, ҚазҰУ профессоры, биология ғылымының докторы Қылышбай Мусабеков, Зоология институтының ғылыми қызметкері Юлия Зима, Зоология институтының PhD докторанты Санжар Кантарбаев, Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері – Фариза Қонысова, Айғаным Бекенова, Жансая Ахметкәрімова, Ұлжанар Адилаева және ҚазҰАУ 3-курс студенті Медина Асхатқызы мазмұнды баяндамалар жасап, зообақ саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Дөңгелек үстел соңында Зообақ әкімшілігі қатысушыларға Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына 82 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жануарлардың табиғи гендік қорын сақтаудағы хайуанаттар бағының ролі» атты Дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны үшін арнайы Сертификат тапсырды.


Мұхтар БАЙБАТШАНОВ,

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор


 


 


 


 


 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 18:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30