Ел жаңалықтары

Жартылай жалаңаш көлік басқарған жүргізуші адам қағып кетті

  • Жартылай жалаңаш көлік басқарған жүргізуші адам қағып кетті

    Жартылай жалаңаш көлік басқарған жүргізуші адам қағып кетті

Астраханда жартылай жалаңаш күйде шетелдік көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Аймақтық құқық қорғау органының өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, оқиға жексенбі күні таңертең Адмиралтейская көшесінде болған.

"Hyundai Solaris көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен екі адамның өтіп кетуін күтіп тоқтағанда, оның артқы сол жақ тұсынан жоғары жылдамдықпен Toyota Camry көлігі соғады. Соққының күштілігінен сырғыған Camry жаяу жүргіншілерді баудай түсіріп, бағанаға тірелген", &ndash делінген ақпаратта.

Апат салдарынан 1983 жылы туған әйел бас-ми жарақатын алып, аяғы сынған. Ал оның 1977 жылы туған күйеуі басынан жарақат алады, оның жамбас сүйегі сынған. 

Жол апатына кінәлі көліктің жүргізушісі айтарлықтай жарақат алмаған. Дереккөздің хабарлауынша, оның бойынан мас күйге тән белгілері байқалған. Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартқан.

"Ол жартылай жалаңаш болды және оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті", &ndash делінген хабарламада.

Ал кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жол апатын жасаған жүргізуші жергілікті депутаттың ұлы, ал жарақат алғандар әскери прокурор мен оның әйелі болуы мүмкін деген ақпарат таратты.

Кейіннен БАҚ өкілдеріне облыс губернаторының баспасөз қызметі жаяу жүргіншілерді қаққан көлік жүргізушісінің әкесі Астрахан облыстық думасының бұрынғы депутаты болғанын растады.

"Жол апатына кінәлі адамның әкесі бесінші шақырылым депутаты болған. Алайда, ол қазіргі уақытта дума депутаты емес", &ndash делінген баспасөз хабарламасында.




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30