Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Желіде оралдық кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы таралды

08 тамыз 2022, 01:22

Оралда кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарап кетті.  Кадрдан күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады.

Кәсіпкер жараланса да, терезеден секіріп қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған.

Бүгінде Мұсанғалиевті өлтірді деген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.


Оралда танымал кәсіпкерді өлтіріп кетті – Күдіктілердің кім екені белгілі болды


Бұған дейін Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі – танымал бизнесменнің денесі табылғанын жазған болатынбыз.