Ел жаңалықтары

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

  • Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

    Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Қазгидромет желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік бөлігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжанады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді;

Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді;

елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31