Ел жаңалықтары

Жүргізуші орындығының астына жасырған: Павлодарда 10 млн теңге ұрланды

  • Жүргізуші орындығының астына жасырған: Павлодарда 10 млн теңге ұрланды

    Жүргізуші орындығының астына жасырған: Павлодарда 10 млн теңге ұрланды

Күдіктілер Семей қаласында кәсіпкердің ізіне түсіп, оны жол бойы аңдыған. Павлодарға жеткенде, жүргізушінің дәмханаға кіргенін пайдаланып, темір сейфті ұрлап кетті
Павлодарда 10 миллион теңгені ұрлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Қаскөйлер Семей қаласында кәсіпкердің ізіне түсіп, ақша салынған сейфті Павлодарға келгенде ұрлаған.

Қарағанды қаласында тұратын жәбірленуші жүк тасымалдаумен айналысады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айында ол туысымен бірге Семейге 9 тонна көкөніс пен жеміс-жидек жеткізеді. Тауарды сатып, 10 миллион теңге пайда тапқан. Қомақты ақшаны қағаз конверттерге салып, жүргізуші орындығының астында орналасқан темір сейфке жасырған.

"Күдіктілер Семей қаласындағы базарлардың бірінде жәбірленушілердің ізіне түскен. Жедел уәкілдер мұны бейнебақылау камерасының көмегімен анықтады. Кәсіпкердің қомақты ақшасы бар екенін байқаған олар қылмыстық жоспар құрып, оны Павлодарда жүзеге асырған", - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тонаушылар жүргізушінің дәмханаға тамақ ішуге кіргенін пайдаланып, көліктің терезесін сындырып, 10 миллион теңге жатқан сейфті орындықпен бірге ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды. Олардың бірі бұрын сотталған.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 
 




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 16:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31