Ел жаңалықтары

Қар жауып, көктайғақ болады: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

  • Қар жауып, көктайғақ болады: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

    Қар жауып, көктайғақ болады: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометке" сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк- шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға) алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31