Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында 4427 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны анықталған

  • Қарағанды облысында 4427 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны анықталған

    Қарағанды облысында 4427 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны анықталған

Қарағанды облысында өткен жылы 658 мың ірі қара тіркеліп, оның 4 мың 427-сінен бруцеллез анықталған.

Мал ауруының бұл түрі адамдар үшін де аса қауіпті. Сондықтан өңірде көктемгі жайылым алдында төрт түліктен жаппай сынамалар алынып, егу жұмыстары жүргізілуде.

Біз қазір бірдейлендіру сырғасын салып жатырмыз, осы арқылы базаға еңгізіліп, тіркеуде болады.

Абай ауданының ветеринарлық фельдшері Серік Шәріпов тек бір күнде 100-ге жуық ірі қарадан бірнеше ауру бойынша сынама алады. Нәтижесінде туберкулезден бастап Сібір жарасынан дейін бірқатар ауруларды анықтау мүмкіндігі бар. Аудан көлемінде ірі қараның саны 26 мыңнан асып жығылады. Ал оларды бақылап отыру үшін осындай «сырға» салу маңызды. Биылдың өзінде қауіпті дертті жұқтырғандар бар.

Егінбай Құлшынбаев, Абай ауданының ветеринариялық станциясының басшысы: - Зерттеу жұмысын жүргізгенде бруцеллез, туберкулезге сынама аламыз. Ауылдар бойынша оң нәтиже бергендер бар. Оларды сою алаңына өткізіп, 30 пайыз өтемақысын төлеп бердік.

Ануархан Әбдіжәлілов асыл тұқымды ангус сиырын өсірмек ниетте. Кәсібін енді бастаған оның сыйырларының жалпы басы 30-дан асқан.

Алайда мал бір жұттық екенін жақсы білетін ол дерттің алдын алғанды жөн санайды.

Ануархан Әбдіжәлілов, фермер: - Мал ауруы шыққан жоқ. Ветеринарлар келіп уақытылы вакцинасын жасап тұрады, витаминдерін береді.

Бүгінде ауданда көктемгі жайылымға дейін мал басын жіті тексеріп үлгеру мақсатында мобильді бригада жұмысын бастапты. Деседе кадр тапшылығы қол байлау болып отыр. 15 ауылдық округі бар ауданда не бары 32 ветеринар маман қызмет етіп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында Сібір жарасы инфекциясы шығып, салдарынан 2 адам қайтыс болған болатын.

24.kz

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30