Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында құлағы үсіп қалған жүргізушінің жағдайы белгілі болды

  • Қарағанды облысында құлағы үсіп қалған жүргізушінің жағдайы белгілі болды

    Қарағанды облысында құлағы үсіп қалған жүргізушінің жағдайы белгілі болды

Қарағандылық дәрігерлер құлақтары қатып қалған жүргізушінің жағдайы туралы айтып берді. Х.Мақажанов атындағы облыстық клиниканың директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев жәбірленушінің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Оған екінші және үшінші дәрежелі құлақтың үсуі диагнозы қойылған.

 
"Құлақта қан айналымы жақсы дамыған. Оның құлағы орнында. Әзірге болжам айта алмаймыз. Ол біздің бақылауымызда. Оның диагнозы - құлақ қалқанының үсуі",-деді Еркін-Дәуір Құрманғалиев.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде аязда жолда көлігі бұзылып қалған жүргізуші түсірген видео тарады. Видеода ер адамның кірпігіне, қасына және сақалына мұз қатып, құлақтары үсіп қалғанын байқауға болады.

Кейін бұл видео Қарағанды ​​облысының Шет ауданында түсірілгені белгілі болды. Жәбірленуші Жаңаарқаға бет алған Қарағанды ​​қаласының тұрғыны болған. Оған медициналық көмек көрсетілді.




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30