Ел жаңалықтары

Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған ресейлік азамат еліне оралмақ

  • Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған ресейлік азамат еліне оралмақ

    Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған ресейлік азамат еліне оралмақ

Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған Ресей азаматы еліне оралатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Арна мәліметінше, Салават Ахматгареев есімді ресейлік азамат әскерден оралған соң Қазақстанға келіпті. Алайда құжаттарын жоғалтып, құлдыққа түседі. Тамақ пен пана үшін ол мал бағып, үйдің шаруаларымен айналысыпты. Ал Ресейде оны қайтыс болып кетті деп ойлаған сыңайлы. "Қожайыны" өмірден өткен соң бостандыққа шыққан ол алты жыл бойы өзінің тірі екенін дәлелдеумен келеді. 

 4 желтоқсанда Салават Ахматгареев ресейлік төлқұжатқа ие болған. Құжатты алуға "Қайсар" қоғамдық қоры жәрдемдескен. Енді ресейлік азамат шекара ашылуын күтіп отырғанын айтады. Алғашқы кезекте ол өзінің "зиратына" бармақ. 

"Отаныма қайтамын деген мақсатым бар. Қызымды, немеремді көргім келеді. Анамның бейітіне барып, өзімнің зиратымды көргім келеді. Менің орныма кімді жерледі деген сұрақ мазалайды. Анама кімнің денесін көрсеткені белгісіз", - дейді ол. 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

сенбі, 05.12.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31