Ел жаңалықтары

Қарағандыда онкологиялық аурумен ауыратын әйел денсаулық сақтау министрлігі мен "СК Фармацияға" қарсы сотқа арыз берді

  • Қарағандыда онкологиялық аурумен ауыратын әйел денсаулық сақтау министрлігі мен

    Қарағандыда онкологиялық аурумен ауыратын әйел денсаулық сақтау министрлігі мен "СК Фармацияға" қарсы сотқа арыз берді

Қарағанды қаласының тұрғыны Ирина Московка Денсаулық сақтау министрлігі мен "СК Фармацияға" қарсы сот ісін қозғады. Әйелдің қатерлі ісігі бар және ол бірнеше айдан бері өмірлік маңызы бар дәрі алмағанын айтады. Ирина сотта мыңдаған науқастар пандемия кезінде мемлекет кепілдік берген көмекті алмағанын дәлелдеуге ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ирина Московка пандемия кезінде уақытын үйде өткізген. Қатерлі ісігі бір әйел жұқтыру қаупі бар адамдар қатарында. Ирина мемлкеттен дәрігер жазып берген "Тамоксифен" дәрісін наурызда алған, ол мамырға дейін жеткен. Ал содан кейін Қарағандыдағы онкологиялық диспансерде тамыздың соңына дейін бұл дәрі, тіпті оның аналогы болмаған.

 

"Мен заңда жазылғанның бәрі сақталса деймін. Адамдар көмек ала алмай қалды. Жағдайы менен де нашар азаматтар қиын жағдайда қалды", - деді Ирина Московка.

Ирина денсаулық сақтау министрлігі мен "СК Фармация"  үстінен арыз жазды. Бұл ретте әйел жергілікті дәрігерлерді айыптамайтынын ерекше атап өтті. Бірақ іске денсаулық сақтау басқармасын араластыруға тура келгенін айтады, әйтпесе, арыз қабылданбайтын еді.

Дегенмен, денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға қатысты басқа пікірде.

"Дәл осы дәрілерді бірыңғай тасымалдаушы жеткізген. Мәселе аймақтық таратуда болып тұр", - деді денсаулық сақтау министрлігі дәрі саясаты департаментінің директоры Александр Костюк.

"СК Фармацияның" өкілдері бұл жағдайға түсініктеме бермеді. Алайда, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысына жіберілетін "Тамоксифен" дәрісінің жылдық мөлшерін "СК Фармация" тек маусым айында сатып алған, бірақ шілде айында әкелген. 

"Бұл ұзаққа созылған тендер нәтижесінде болды. Жарты жыл ішінде ол 2-3 рет болмай қалды. Коронавирус кезінде болды. Бір-біріне берді, бәрі дұрыс жасалмаған", - деді Ирина Московка.

Ирина қажетті препаратқа 42650 теңге жұмсаған, ол осы соманы қайтаруын талап етіп отыр. Сондай-ақ, моральдық шығын үшін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем беруін сұрайды. 

 
 

 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31