Ел жаңалықтары

Қарт адамдар көшеге шықпайды: Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

  • Қарт адамдар көшеге шықпайды: Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

    Қарт адамдар көшеге шықпайды: Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Бүгін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантинді күшейту жөніндегі жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, шектеу шаралары 19 қазан күні сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.

Енді аймақта 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандарының, атап айтқанда, мейрамханалар, кофехана, дәмхана, банкет залдары, асханалардың жұмысы тоқтатылады.  

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың бас қосуына тыйым салынады. «Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылады.

«Қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі қарбалас кезінде 5 минутты арақашықтықтан аспауы үшін көлік саны артады», - делінген Қаулыда.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31